Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде студенттер арасында төбелес болды. Оның ішінде пышақ жарақатын алғаны бар. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төбелес 5 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жатақханасының артында 3 немесе 4 студент арасында болған (студенттер саны анықталуда). 19 жастағы студент пышақ жарақатын алған. Жарақат алған студент шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта жараланған студенттің аты-жөні анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың кім екенін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта студентті кім жарақаттағаны анықталып жатыр. Анықталғаннан кейін оны ұстау шаралары жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі ("Адам өлтіруге оқталу") бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Ата-ана балаларын қайда және кіммен жүргенін, содан кейін сабағына барып жүргендігін қадағалап отыруы керек, - деді полицияда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында дәстүрлі емес шаруашылық түрі қарқынды дамуда
Өзгелердің жаңалығы