Кеше 2026, 21:50
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Путинцева Қазақстанды Billie Jean King Cup финалына шығарды
Шешуші матчта қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың өкілі, «Үлкен дулыға» чемпионы Бианка Андреескуды жеңді.
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Шешуші матчта қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың өкілі, «Үлкен дулыға» чемпионы Бианка Андреескуды жеңді.
Үш сетке созылған тартысты кездесу 7:6 (7:5), 3:6, 7:6 (7:4) есебімен аяқталып, 3 сағат 39 минутқа созылды. Бұл матч екі спортшы үшін де мансаптағы ең ұзақ ойындардың бірі болды.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Канадаға қарсы жалпы есепте басым түсіп, турнирдің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.
Айта кетейік, әлемнің үздік сегіз командасы қатысатын финалдық кезең 2026 жылдың күзінде өтеді.