Путин Ыстанбұлда Украинамен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, Ресей мұндай диалогты 15 мамырда-ақ Ыстамбұлда бастауға дайын.
Президент Ердоғанмен сөйлесеміз деп жоспарлап отырмыз. Одан осы келіссөздерді өткізу мүмкіндігін сұраймын, – деді Ресей көшбасшысы.
Сондай-ақ Путин Украина мен Еуропа елдерінің 30 күндік бітім туралы ұсынысынан бас тартып, ультиматумды қабылдамағанын және өз шарттарын қойғанын айтты.
Біздің ұсыныстарымыз үстелде жатыр, шешімді Украина мен олардың еуропалық кураторлары қабылдауы керек, – деді ол.
Алайда қазіргі уақытқа дейін Киев бұл ұсынысқа қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер 2022 жылы дәл осы Ыстамбұлда өткен болатын. Бірақ кейін тараптар келісімге келе алмай, келіссөздер тоқтап қалған еді.