Путин Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға келіседі: егер...
Ресей президенті Владимир Путин Ресей Украинамен 30 күндік атысты тоқтатуды жақтайтынын, бірақ бұл ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелуі керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол бүгін Мәскеуде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.
Біз соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсыныстармен келісеміз, – деді Путин.
Бұл ретте Владимир Путин бұл қадам ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін болса ғана бұл ұсыныстың қабылданатынын қадап айтты.
Бұл мақсат ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін және осы дағдарыстың негізгі себептерін жоюы керек, – деп қосты ол.
Еске салайық, 11 наурызда Сауд Арабиясында өткен кездесуден кейін Ресей де дәл осындай қадамға барса, Украина дереу 30 күндік атысты тоқтатуға келісті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ Ресейге «атысты тоқтату» ұсынысын жеткізетінін және оның келісіміне үміттенетінін айтты.
Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын жариялады
Бүгін АҚШ делегациясы келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге жетті.