Путин Трамптың қандай талаптарына келіспей отыр?
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге сенетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге сенетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі abcnews.go.com-ға сілтеме жасап.
Менің ойымша, ол (Путин) мені құрметтейді. Сол себепті ол (Украинаны) басып алмайды. Әйтпесе, оның өз еркі болса, бүкіл Украинаны басып алатын еді, - дейді Трамп ABC телеарнасына берген сұхбатында.
Financial Times газетінің жазуынша, Ресей президенті Путин Украина қорғанысқа қабілетті әскерін сақтап қалуы керек деген талапқа келіспей отыр. Бұл талапты АҚШ қолдаған болатын.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын тоқтатуға жақын. Ақ үй шенеуніктері соңғы екі айда Кремль өкілдерімен кемінде алты рет кездескен, бірақ "еш нәтиже шығар алмай" оралған. Бұл жағдай Вашингтонда алаңдаушылық тудырып отыр. Басылымның мәліметінше, АҚШ Еуропаға Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер тығырыққа тірелгенін хабарлаған.
FT деректеріне сүйенсек, Путиннің қатаң позициясы Трампты бейбіт процестен бас тартуға және бастапқы жоспарынан әлдеқайда әлсіз болса да, қандай да бір келісімге қол жеткізуге итермелеп отыр. Төрт шенеуніктің айтуынша, Трамп президенттік қызметінің алғашқы 100 күнін белгілейтін осы апта ішінде қандай да бір ілгерілеуді пайдаланып қалуға дайын, тіпті ол шешім Украинадағы соғысты ұзақ мерзімді тоқтатуға ықпал етпесе де.
Ақ үй Кремльге кең көлемдегі ұсыныстар пакетін, соның ішінде санкцияларды жою, бірлескен бизнес-жобалар және Қырымды мойындау нұсқасын да ұсынған. Путин Украинаның әскерін сақтап қалуына қарсылық білдіріп, "денацификация" сынды барынша кең талаптарынан бас тартпай отыр.
- Таиландта жасөспірім жеті адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады 16:01
- Үндістанда найзағай түсіп, 20 адам қаза тапты 15:42
- Ақтөбеде сталкингты махаббатпен шатастырған тұрғын жауапқа тартылуда 15:24
- Министрлік мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады 15:06
- 2026 жылғы грант иегерлерінің тізімі шықты 15:01
- Әлем көмірден бас тартуға әлі дайын емес – сарапшылар 14:53
- Қазақтың өнімдері әлемге жол тартты: Қай елдерде арнайы сөрелер ашылған? 14:40