Путин Трампқа Украинадағы атысты тоқтату үшін жаңа талап қойды
Ресей президенті Владимир Путиннің командасы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне Украинадағы соғыс тоқтатылғаннан кейін, бұғатталған ресейлік активтер есебінен Boeing ұшақтарын сатып алуға рұқсат беруді талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кремль басшысы соғыс тоқтамайынша, бұғаттылған қаражат арқылы ұшақ сатып алу мүмкін емес екенін түсінген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл ұшақтарды сатып алу келісімі санкцияларды жеңілдету пакетінің бір бөлігі ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда бұл тек Путин Трамптың Украинаға қатысты негізгі ұсынысын қабылдаған жағдайда жүзеге аспақ.
АҚШ-та бұғатталған ресейлік активтердің көлемі шамамен 5 миллиард долларды құрайды.
Айта кетейік, Ресей Украинаға қарсы соғысты бастағаннан кейін Boeing компаниясы бұл елдегі қызметін тоқтатқан болатын. Соның ішінде Мәскеудегі ірі инженерлік орталықтың жұмысы да жабылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы