Путин татуласуға дайын ба? – Bloomberg

Мәскеу Украинамен 30 күндік бітімге келісу идеясына қарсы, бірақ өздері үшін атысты тоқтатудың барынша тиімді шарттарына қол жеткізуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Bloomberg Кремльдің күйімен таныс дереккөзге сілтеме жасай отырып, мәлімдеді.

Басылымның айтуынша, Жиддада өткен АҚШ пен Украина делегацияларының арасындағы келіссөздер кезінде Ресей президенті Владимир Путин қиын жағдайда қалған.

Бірақ 30 күндік бітім жөніндегі келісім Кремль бұған дейін соғыс қимылдарын тоқтату үшін қажет деп мәлімдеген ешқандай талаптарды қамтымайды. Атап айтқанда, бұл – соғысты ұзақ мерзімді реттеу бойынша нақты параметрлердің болмауы. Яғни Ресей атысты тоқтату шарты ретінде Украинаға қару-жарақ жеткізілімін тоқтатуды талап етеді.

Енді Ресейдің осы бастамаға келісуі қажет, бұл оның бейбітшілікке ұмтылысын көрсетуге тиіс. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу ұсынылған бітім жөнінде алдын ала шешім қабылдауға асықпайтынын, алдымен АҚШ-тан толық ақпарат алу керек деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы