Путин Ресейде жасанды интеллект бойынша саммит өткізуді ұсынды
Ресей президенті Еуразиялық экономикалық форумда AI саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажет екенін айтты
Ресей президенті Владимир Путин V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында Ресейде жасанды интеллект бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ресей басшысының айтуынша, елде жасанды интеллектіні түрлі салаға енгізуге арналған ұлттық және салалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Күш біріктіріп, үздік тәжірибелерді ортақ пайдалану өте маңызды, – деді Путин.
Президенттің сөзінше, Ресей бастамасымен Жасанды интеллект саласындағы халықаралық альянс құрылған.
Сонымен қатар есептеуіш оңтайландыру мәселесіне арналған халықаралық конференция іске қосылған.
Бұл құрылымдар көптеген елдердің бизнес, ғылыми және академиялық орталарын біріктірді, – деді Ресей президенті.
Путин 2027 жылы Ресейде жасанды интеллект мәселесіне арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды.
Біз 2027 жылы Ресейде жасанды интеллект бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынамыз, – деді ол.
Президенттің айтуынша, жиында егемен AI модельдерін дамыту, есептеу инфрақұрылымын қалыптастыру және технологияларды жергілікті қажеттіліктерге бейімдеу мәселелері талқыланады.
- Трамп Канадаға жаңа 50% баж салығын енгізуді үш күнге кейінге қалдырды 05:18
- Қарағанды облысында азық-түлік бағасын көтерген 155 кәсіпкер жауапқа тартылды 04:27
- Швейцария Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті 03:40
- Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды 02:34
- «Ауыл» партиясы агросекторға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды 01:38
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312-ге жетті 01:29
- Respublica: Жақсы жалақы, баспана, білім мен медицина халыққа қолжетімді болуы тиіс 00:46