Путин Ресей Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің жоспардан тыс отырысын өткізеді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Кремль өкілі Путиннің сөзі ашық режимде көрсетілетінін  мәлімдеді. Песков кейінірек есеп беруге уәде беріп, кездесу тақырыбын айтудан бас тартқан.

Дүйсенбіде өтетін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы төтенше немесе кезекті отырыс па деген сұраққа ол: «Жоқ, бұл кезекті отырыс емес, – деп жауап берген.

Оның айтуынша, Путин бүгін телефон арқылы бірнеше халықаралық әңгіме жүргізеді.

Айта кетейік, 20 ақпанда Франция Президенті Эммануэль Макрон Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Тараптар «норманд форматында» кездесуге келіскен. Осыдан кейін Макрон Украина мен АҚШ Президенттері Владимир Зеленский мен Джо Байденге, одан кейін Путинге тағы телефон соқты. 21 ақпанға қараған түні Байден мен Путиннің саммитке қатысуға келіскені белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы