Путин Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті

Владимир Путин жаңа алты жылдық мерзімге Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Валерий Зорькин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттіне сілтеме жасап.

Путин халыққа ант берді.

Зорькин Путинге президенттік биліктің нышандарын, оның ішінде президенттік төсбелгі — Ресей Федерациясының елтаңбасы бейнеленген және алтын шынжырда «Игілік, абырой және даңқ» ұраны бейнеленген алтын Георгий кресті табыс етті.

Қызметке кірісу туралы мәлімдемеден кейін мемлекет басшысы сөз сөйлеуі тиіс.

Бұл — Путиннің мемлекет басшысы ретінде бесінші мерзімі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы