Путин мен Трамптың шағын форматтағы келіссөздері аяқталды

2025 жылдың 16 тамызына қараған түні Путин мен Трамптың екі сағаттан астам уақытқа созылған "үште үш" келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың шағын форматтағы келіссөздері аяқталды, - деп жазды Кремльдің Telegram арнасы.

Келіссөз 2 сағат 45 минутқа созылды.

Баспасөз мәслихаты өтетін залға барлық журналистер жіберілді.

Журналистер баспасөз орталығында өз орындарын алады. Президенттердің артындағы баспасөз қабырғасында "Бейбітшілікке ұмтылу" деген жазу бар, - деп хабарлайды "Ведомости" тілшісі.

Бұған дейін сағат 1:10-да Трамп саммит алдында Fox News арнасына екінші реттік санкцияларды енгізу Ресей экономикасына жойқын әсер ететінін, бірақ «бәлкім, мұны істеудің қажеті жоқ шығар» деді.

00:48-де Ақ үй Мәскеу уақытымен 02:00-ден кейін Трамптың Fox News арнасына сұхбат беретінін хабарлады. Кездесу алдында ұшақта жазылған сұхбат сағат 1:00-де жарияланды.

Бұған дейін Владимир Путин мен Дональд Трамптың тарихи келіссөздері Аляскада 15 тамызда басталғаны хабарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: РИА Новости
Өзгелердің жаңалығы