Путин мен Трамптың кездесуі келесі аптаның соңына жоспарланған
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі келесі аптаның соңына жоспарланған. Бұл ақпаратты Ақ үйдің аға шенеунігіне сілтеме жасап Sky News басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткізу орны әлі нақтыланбаған. Қарастырылып жатқан нұсқалар қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Швейцария және Рим бар. Нақты күн де әлі бекітілмеген. Сондай-ақ, Украина президенті Владимир Зеленский саммитке қатыса ма, жоқ па белгісіз.
Sky News сұхбатшысы Ресей тарапынан атысты тоқтату үшін талаптар тізімі ұсынылғанын айтты. Қазір Вашингтон бұл бастаманы Украина мен ЕО одақтастарының қолдауына ие етуге тырысуда.
Бұған дейін екі ел президенттерінің кездесуі жөнінде келісім жасалғанын хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы