Путин мен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

РФ президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның телефон арқылы сөйлескені туралы жексенбі күні Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей президентінің 15 мамырдан бастап Стамбұлда тікелей Ресей-Украина келіссөздерін қайта бастау жөніндегі бастамасы егжей-тегжейлі талқыланды,– делінген хабарламада.

Режеп Тайип Ердоған бұл ұсынысты толығымен қолдайтынын білдіріп, келіссөздер үшін Стамбұл алаңын ұсынуға дайын екенін атап өтті. Түрік тарапы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған келіссөздерді ұйымдастыру мен өткізуге барынша қолдау көрсететін болады.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей президенті Мәскеуде өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шаралар мен осы күндері өткен жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер жайлы өз әсерлерімен бөлісті.

Қос көшбасшы сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге, соның ішінде энергетика саласындағы стратегиялық бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылық білдірген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: РИА Новости
Өзгелердің жаңалығы