Бүгiн 2026, 16:29 Фото: Ақорда

Путин ЕАЭО жобаларын жеңілдетілген қаржыландыруға бизнес қызығушылығы артқанын айтты

Ресей президентінің айтуынша, ЕАЭО аясында қазірдің өзінде бірнеше бірлескен өнеркәсіп жобасы іске асырылып жатыр.

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол ЕАЭО аясында перспективалы индустриялық жобаларды жеңілдетілген шартпен бірлесіп қаржыландыру тетігі іске қосылғанын айтты. Бұл мақсатқа бөлінетін несиелер нарықтағы мөлшерлемеден едәуір төмен пайызбен беріледі.

Мұндай субсидиялау тетігінің елдеріміздегі бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудыруы заңды. Қазіргі уақытта екі бірлескен өнеркәсіптік жоба белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Үш жоба бойынша қаржыландыруға өтінім мақұлданды, тағы 14 жоба Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауында тұр. Бүгін қабылданатын шешімдер осы оң тәжірибені басқа да маңызды салаларға, соның ішінде ауыл шаруашылығына да кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне дәстүрлі түрде ерекше көңіл бөлінетінін ескерсек, өте маңызды, – деді Путин.

Еске салайық, бұған дейін Беларусь президенті Лукашенко ЕАЭО-дағы утильалымға наразылық білдірді.