Бүгiн 2026, 10:15
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Путин Астанаға келеді: Бұл сапар Қазақстанға не береді?
Сапар Еуразиялық экономикалық одақ саммитімен тұспа-тұс келіп отыр.
Ресей президенті Владимир Путин осы апта Астанаға келеді. Сапар Еуразиялық экономикалық одақ саммитімен тұспа-тұс келіп отыр. Жиын 28-29 мамыр күндері өтеді.
Биыл ЕАЭО-ға Қазақстан төрағалық етеді. Демек, Астана бұл жолы тек саммит өткізетін алаң емес, өз ұсынысын алға шығаратын тарап.
Бұл шығарылымда экономист Талғат Демесіновпен ЕАЭО-ның Қазақстанға нақты қандай мүмкіндік бергенін, отандық экспорттың артқан-артпағанын, кәсіпкерлер үшін кеден, логистика және ортақ нарықтағы кедергілер қалай шешілуі мүмкін екенін талқылаймыз.
Сондай-ақ Қазақстан ұсынып отырған жасанды интеллект, цифрландыру, транзит және саудадағы кедергілерді азайту бастамалары нақты нәтиже бере ала ма деген сұраққа жауап іздейміз.