Путин АҚШ-тың арнайы өкілін сегіз сағат күттіріп қойды

Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде 12 сағат болды, оның 8 сағатын Владимир Путиннің қабылдауын күтумен өткізді. Бұл туралы британдық Sky News басылымы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Уиткофф Мәскеуден келіссөздер аяқталған бойда ұшып кеткен. Ол АҚШ-тың Ресейге 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын жеткізу үшін келген.

Оның сапары АҚШ пен Украина арасындағы Сауд Арабиясында өткен келіссөздерден кейінгі апта басына жоспарланған еді. Бірақ Путин күтпеген жерден Беларусь президенті Александр Лукашенкомен шұғыл кездесу өткізді. Sky News бұл кездесудің дәл сол уақытқа белгіленуі кездейсоқ емес деп болжайды.

АҚШ арнайы өкілінің Путинмен кездесуі жабық есік жағдайында өтті. Келіссөздердің нақты мазмұны белгісіз. Алайда Sky News деректеріне сүйенсек, Ресей өз талаптарын өзгеріссіз қалдырған:
• Украина НАТО-ға кірмеуі керек;
• НАТО әскері бітімгершілік күш ретінде келмеуі тиіс;
• Ресей басып алған аумақтарды өзінде сақтап қалуы керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ren TV
Өзгелердің жаңалығы