Путин АӨСШК елдеріне көзқарасын білдірді
Бұл туралы АӨСШК елдерінің саммитінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мәлімеді, - деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Ресей Азияның дамуы мен өркендеуін, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кеңістігін құруды жақтайды.
Жаһандық саясатта күрделі өзгерістер болып жатыр. Әлем көпполярлы болып келеді. Қазіргі таңда Азия шешуші рөл атқара бастады, - деді Ресей президенті Владимир Путин саммитте.
Айтуынша, Ресей АӨСШК-нің бүкіл елдерімен көп қырлы негізде қарым-қатынастарын дамытуды жалғастырады.
Сонымен қатар Путин саммит мүшелерін аймақтағы тауарларды жеткізу тізбегін қалпына келтіру үшін барлық жасанды кедергіні жоюға шақырды.
Сондай-ақ алқалы жиындағы сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адами өлшем, адами ресурстарды қорғау және дамыту басты назарда болу керек екенін атап өткен еді.
Биыл шілде айында Астанада Жастар кеңесі отырысының сәтті өткізілуі осы бағыттағы өзара іс-әрекеттердің келешегі зор болатынын дәлелдейді. Осыған байланысты 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің қолдауымен АӨСШК-ке мүше елдердің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынамын. АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құрудың да перспективасы зор. Осы желі арқылы IT, нанотехнология және жаңартылатын энергия көздері сияқты инновациялық салалардағы әзірлемелерді алмасуға болады, – деді Мемлекет басшысы.