Путин Әлиевпен кездесу барысында AZAL әуе апатына қатысты өз нұсқасын айтты
2025 жылғы 9 қазанда Тәжікстанда Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев екіжақты кездесу өткізіп, әңгімені 2024 жылы Ақтауда болған AZAL әуе апатынан бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Путиннің айтуынша, бұл апат белгілі бір дәрежеде сол күні әуе кеңістігінде украиналық ұшқышсыз аппараттардың (дрондардың) болуымен байланысты. Ресей басшысының сөзінше, AZAL ұшағы апатқа ұшыраған күні ресейлік әуе қорғаныс жүйелері Украинаға тиесілі үш дронды бақылап отырған. Сол кезде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен екі зымыран атылған, деп жазды ТАСС.
Әуе қорғаныс жүйесінен атылған екі зымыран AZAL ұшағына тікелей соққы бермеді, бірнеше метр қашықтықта жарылды, - деді Владимир Путин.
Оның айтуынша, ұшаққа тура соққы емес, жарылыстан шашылған сынықтар тиген болуы мүмкін.
Екінші себеп — Ресейдің әуе қорғаныс жүйесіндегі техникалық ақаулар. Егер зымырандар тікелей ұшаққа тисе, ол бірден құлар еді. Бірақ шамамен 10 метр қашықтықта жарылған, бәлкім бұл өздігінен жойылу болған шығар, - деді Путиннің сөзін РИА Новости келтіреді.
Ресей басшысы AZAL ұшағының апатына қатысты барлық лауазымды тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін айтты.