Пусанға саяхат. Корей мәдени орталығы тур өткізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы Корей Республикасы елшілігі жанынан құрылған Корей мәдени орталығы Пусанға онлайн тур өткізіп жатыр.

Бұған дейін Корей мәдени орталығында Демилитаризация зонасына (DMZ) арналған онлайн көрме өткен болатын.

COVID-19 індетінің Қазақстанда кеңінен таралмауы және онымен күрес үшін ел тұрғындары өз өздерін оқшаулап, үйде отыр. Онлайн көрме Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Орталық осындай жобалар үйде отырған адамдардың уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуге септігін тигізеді деп ойлайды. Интернет-платформа арқылы қызығушылық танытқан әр оқырман Корей Республикасының ең үлкен қаласының бірі – портты қала Пусанға жеке саяхат жасауға мүмкіндік алады, - деді орталықтың директоры Ли Херан ханым.

 

ТХЭДЖОНДЭ табиғи паркі

Директордың айтуынша, Пусан – Кореядағы туристер көптен баратын екінші қала.


Пусан қаласы Корей Республикасының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Туристер көбінесе Тхэджондэ саябағы, Хэундэ және Кваналли жағажайы үшін курортты мекенге келеді. Жағажайлардан басқа туристерді Корея Республикасындағы Чагальчхи деп аталатын ең ауқымды теңіз өнімдері базары да қызықтырады. Сондай-ақ Сомён көшесі де туристер арасында танымал. Онда корейдің түрлі көше тамағынан дәм татуға болады. Сонымен қатар Пусанда басқа да көрнекі жерлер жетерлік. Сондықтан да Пусанды туристік мегаполис деп атайды, - дейді Ли Херан.

 

ЧАГАЛЬЧХИ базары

 

 Орталықтың директоры Ли Херан барлық іс-шара онлайн форматта өтіп жатқанын айтты. Сонымен қатар корей мәдениетіне қатысты барлық ақпарат кез келген қолданушыға қолжетімді.

 Корей мәдени орталығы корей мәдениетімен жеңіл және қызықты етіп таныстыратын түрлі онлайн-контент ұсынады. Мысалы, корей асханасы туралы онлайн дәрістер, корей тілін үйрену курстары, корей тіліндегі шығарма конкурсы мен шешендік өнерге қатысу мүмкіндігі және басқа да шаралар көп. Коронавирус індеті салдарынан үйде отырған барлық қазақстандық үшін барлық бағдарлама мен ақпараттар қолжетімді. Олар кез келген уақытта орталықтың сайтынан өздеріне қызықты ақпаратты таба алады, - деді ол.

 

 1. Корей мәдени орталығымен бірге үй жағдайындағы спорттық жаттығулар

2. Балаларға арналған Корей дәстүрлі әндерін орталықпен бірге жаттау: 

3. BTS тобының биі мен "ON" деп аталатын әннің сөзін бірге жаттау: 

4. "Пангут" қойылымының видеосы: 

5. Кореяға онлайн саяхат (Сеул):  



Сомен көшесі

Корей мәдениетіне қызығушылық танытушыларды түрлі онлайн іс-шаралар күтіп тұр.


Корей мәдени орталығының Нұр-Сұлтан қаласында ашылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Мерейтойға орай түрлі мәдени шаралар, көрме, концерт сияқты ауқымды шаралар өткізу жоспарда болатын. Алайда COVID-19 індеті әлі де басылмай тұрғандықтан, адамдардың бір-бірімен жеке байланыс жасауға мүмкіндік беретін шараның барлығын тоқтаттық. Дегенмен біз түрлі әсерлі әрі қызықты онлайн мәдени іс-шаралар өткіземіз, - деп жоспарларымен бөлісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы