Қытай жүргізушілері өткізу пунктіне визасыз кіре алады
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бастап қытай тарапы шекарада санитарлық бақылаудың күшейтілген шараларын енгізді және көлікті күн сайын өткізу 20 бірлікке дейін қысқарды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл "Нұр жолы" өткізу пункті ауданында күрт топталуына және Қазақстаннан Қытайға шығуға 1700-ге дейін автокөлік құралдарының күнделікті кезегінің пайда болуына алып келді.Топталу мәселесін шешу үшін бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша қабылданатын көлік саны күніне 20 бастап 100 бірлікке дейін ұлғайды,– делінген хабарламада.
2020 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын уақытша жабылған "Қалжат", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттері ашылды. Алайда қытай тарапынан өткізу пункттерін жабу себебі бойынша тауарлар мен көлікті өткізу жүзеге асырылмайды.
Үкімет деңгейінде қытайлық тасымалдаушылардың кіруін және шекаралық көліктік-логистикалық орталықтарға тауарларды ауыстырып тиеу мүмкіндігін көздейтін ҚХР-мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Қытай жүргізушілері енді өткізу пунктінің аумағына 24 сағатқа визасыз режимде кіре алады.
Қытайға экспортқа өнімдерді өткізетін отандық экспорттаушылар үшін бір мезгілде "жасыл дәліз" құрылды. Оларды өткізу кезектен тыс жүзеге асырылады.
Осылайша, шекарада көліктің топталуын азайтуға бағытталған барлық мүмкін болатын шаралар қабылданды, оның ішінде Үкіметтік деңгейде Қытаймен тауар айналымын ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен Қытайдың Мемлекеттік Кеңесіне өтініш жолданды.Қытай тарапы тауарларды өткізудің жаңа тәртібін келіскеннен кейін шекара арқылы өткізілетін көлік санының күніне 200 бірлікке дейін артуы және тиісінше топталудың төмендеуі күтілуде, - делінген хабарламада.
Алайда ағымдағы жылғы 20 шілдеден бастап Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты қытай тарапы қазақстан тарапынан көлік қабылдауды күніне 10 бірлікке дейін қысқартты.
Шекара арқылы бірінші кезекте тасымалдауға арналған келісім-шарттардың болуымен Қытайға тауар үшін жіберілетін экспорттық тауарлар мен тасымалдаушылар өткізілетін болады.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін және биылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша тауарларды әкелу көлемінің 18%-ға артқаны байқалуда екенін атап өткен жөн.