Пульмонолог COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың денсаулығы туралы айтты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы №36 қалалық емхананың пульмонолог- дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Даме Сайланова коронавирус инфекциясымен ауырған пациенттер туралы айтты. 

Маманның айтуынша, Covid 19 ауруымен ауырған пациенттердің денсаулығының жағдайы әр түрлі, аурушаңдықты көтере алу деңгейіне байланысты. 

Егер ауру адам өкпесінің 75-80% мөлшері зақымданып жасанды өкпені желдетуге қосылса, онда пациентте ұзақ уақыт әлсіздік орын алып, бұлшықеттері, кеудесі аурып, кезеңді түрде шала қызулы температурасы болып ендігіп қалатын күйде болады. 

Аурып болғаннан кейін қалпына келу кезеңі бір айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Өкпесі зақымданған пациенттерде пневмофибриоз туындауы, яғни, рентгенге түскен кезде тігіс секілді көрінеді. Осыған байланысты, пациентте көбінесе созылмалы жеткілікті трүде тыныс алуы және өкпенің созылмалы аурулары өршиді. 

Коронавируспен ауырған пациенттердің кейбіреуінде жалпы әлсіздік, тез шаршағандық, ашуланшақтық, көңіл күйінің жиі өзгеруі, ұйқысының бұзуылуы, депрессия мазасын алады, мұндай кезде емдеу шарасын жүргізіп организмді бекіту қажет. Ауыр өткен ковид пневмониясынан кейінгі пациенттерді біз, көрсеткіштері бойынша, өкпенің желдетуін жақсарту, мазасызданы және депрессияның алдын алу, өмір сүруін жақсарту мақсатында оңалту орталықтарына жібереміз, - дейді ол. 

Оңалту үрдісінің ұзақтылығы 14 күнге дейін созылады. Ол жерде реабилитолог дәрігерлердің бақылауында болып, депрессия белгісі анықталған пациенттермен психологтар жұмыс жасайды, сондай-ақ, физиотерапевттік емшаралар жүргізіліп, кеуде клеткасына уқалау жасалады және өзге де шаралар қарастырылады екен. 

Өкпе зақымдануы 50-60% мөлшерінде белгіленген пациенттерде өкпе клеткасы 5-6 ай аралығында қалпына келеді. Ауыр өткен ковид пневмониясынан кейінгі қалпына келу үрдісі  бұл оңай әрі тез өтетін үрдіс емес дейді дәрігер, әр адамда қалпына келу уақыты әр түрлі болады, ол адам ағзасына және ол адамда болатын созылмалы ауруға байланысты. 

Маман коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарға D және B дәрумендерін ішуге, белсенді қозғалуға, тыныс аулу гимнастикасын жасауға, жиі таза ауада серуендеуге, ақуызы бар тамақтарды көп жеуге, жеміс-жидек пен көкөністерді көптеп жеуге, сұйықтықты, сорпаны ішуге және ет тағамдарын жеуге кеңес берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы