Пуэрто-Рикода «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл поляк қызы Каролина Белявска әлем аруы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазылар шешімімен 22 жасар Белявска 97 елден келген сұлулардың алдын орады. Америкалық Шри Сайни мен Кот-д’Ивуар өкілі Оливия Яс екінші және үшінші орынды иеленді.
Әлемдік байқауда Қазақстан атынан ақтөбелік Назерке Қарманова бақ сынады. Былтыр пандемия салдарынан «Әлем аруы» байқауы өткен жоқ.
Сұлулық сайысының 70 жылдық мерейтойы Пуэрто-Рикода өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай қандай?
Өзгелердің жаңалығы