ПТР тесті болмаған азаматтар еліне депортацияланады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде айтып берді.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды қосымша күшейту туралы ұсынысты мақұлдады.
Оның айтуынша, 26 қазаннан бастап елімізде Украинамен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Германиямен, Беларусь Республикасымен, Түркиямен әуе рейстерінің саны қысқартылады.
ҚР-ға келетін азаматтарда міндетті түрде тапсырылғанына 72 сағаттан аспаған ПТР-тест нәтижесі болуы қажет. Егер анықтама болмаса, қазақстандықтар екі тәулікке дейін карантин стационарына жатқызылады. Ал шетелдік азаматтар өз еліне депортацияланады, - деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, елімізде 21 қазандағы жағдай бойынша 109 766 науқас тіркелді, соңғы тәулікте 143 адам COVID-19 індетін жұқтырған. Сонымен қатар 1 803 адам қайтыс болды. COVID-19-дың (ПТР -) 36 200 ықтимал жағдайы тіркелді, оның ішінде 28 318 адам сауығып шықты, 388 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 220 жағдай тіркелді.
ДСМ-нің мәліметінші, оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 250 жағдай анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар 23 млн теңгеге «Салық әмиянын» толтырды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы