ПТР-тесті болмаған екі шетелдік кері қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның бірі Түркия, екіншісі Беларусь елінің азаматы.
Қазақстанға келген екі шетелдік азамат ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан кері қайтарылды. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.Карантиндік шектеу талаптарына сәйкес, шетел азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда Қазақстанға кіруге жол берілмейді, - деді Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.
Оның айтуынша, 7 қазанда Минск-Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген екі шетелдік азамат кері қайтарылды. Өйткені, Түркия азаматында ПТР талдау анықтамасы 1 қазанда жасалған, ал Беларусь азаматында экспресс-тесттен өткені туралы анықтама болған.
Бұған дейін елордаға ұшып келген 170 жолаушының стационарға жатқызылғаны туралы хабарланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
4 494 медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы