Қызметкер жұмысқа шығарда ПТР анықтамасын әкелуге міндетті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында жұмыс берушінің қызметкерінен ПТР-тест анықтамасын талап етуіне қатысты пікірімен бөлісті.
Қазір көптеген жұмыс беруші қызметкерінен кеңсеге жұмысқа келген кезде міндетті түрде ПТР анықтамасын әкелуді талап етеді. Біз мұндай талапты ұсынбаймыз. Тіпті, кеңес те бермейміз деп айта аламын. Себебі, бүгінгі ПТР-зерттеу теріс болғанымен, бұл адам вирус жұқтыруы мүмкін. Оның үстіне ПТР әдісімен анықтауға болатындай вирус әлі көбейіп те үлгермеген болуы мүмкін, - деді Айжан Есмағамбетова.
Жұмыс берушінің қызметкерінен тест талап етуіне қатысты, бас санитар барлық қарым-қатынастар еңбек заңнамасы аясында қарастырылатынын айтты.
Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасында тестілеу өткізу туралы қандай да бір келісім болса, бұл еңбек заңнамасы аясында ғана шешіледі. Бірақ, біз жұмысқа қайта оралғандар үшін міндетті тестілеуге қойылатын талаптарды ұсынбаймыз, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова шет елден келген жолаушыларға қатысты қолданылатын карантиндік шаралардың өзгергенін айтты. Бұдан бөлек, өткен аптада симптомсыз 1357 науқас тіркелгенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы