ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 472 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 161 адам, анықтамасыз 311
ҚР азаматты келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 648 жолаушы, анықтамамен - 621, анықтамасыз - 27;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 508 жолаушы, анықтамамен - 336; анықтамасыз - 172;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 224 жолаушы, анықтамамен - 114; анықтамасыз - 110;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 89; анықтамасыз - 2;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 15 желтоқсанында анықтамасыз келген 147 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбұл-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы