ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
2 052 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 674 адам, анықтамасыз 378 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 206;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 760 жолаушы, анықтамамен - 601; анықтамасыз - 159;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 72; анықтамасыз - 3;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 129; анықтамасыз - 10.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.