ПСЖ жеңісінен кейінгі тәртіпсіздіктер: Парижде 200-ден астам адам зардап шекті
алада ондаған көлік өртеніп, дүкендердің терезелері сындырылған. Полициямен қақтығыстар да тіркелді.
Франция астанасы Парижде ПСЖ (Paris Saint-Germain) клубының Чемпиондар лигасындағы жеңісін тойлау кезінде жаппай тәртіпсіздіктер болып, салдарынан 200-ден астам адам зардап шекті. Сонымен қатар бір адам қаза тапты, деп жазды Reuters агенттігі.
Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер ПСЖ-ның Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жеткенінен кейін басталған. Команда Будапештте өткен финалда Арсенал клубын пенальти сериясында жеңіп, турнир тарихындағы екінші чемпиондық атағын иеленді.
Мерекелік шаралар барысында Париж көшелеріне мыңдаған жанкүйер шыққанымен, тойлау соңы тәртіпсіздікке ұласты. Қалада ондаған көлік өртеніп, дүкендердің терезелері сындырылған. Полициямен қақтығыстар да тіркелді.
Ресми деректерге сәйкес, оқиғалар кезінде 57 полиция қызметкері жарақат алып, 400-ден астам адам ұсталған. Зардап шеккендердің жалпы саны 200-ден асқан.
Париж прокуратурасы бір жас жігіттің тәртіпсіздіктер кезінде болған мотоцикл апатынан көз жұмғанын хабарлады.
Оқиғадан кейін Францияда қоғамдық қауіпсіздік мәселесі қайтадан қызу талқыға түсті. Кейбір саясаткерлер құқықтық тәртіпті күшейтуге шақырса, енді біреулері мұндай оқиғалардың артында терең әлеуметтік мәселелер жатқанын айтуда.
Айта кетейік, өткен жылы да ПСЖ Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлау кезінде тәртіпсіздіктер орын алып, екі адам қаза тапқан болатын.