Психолог бала мен ата-ананы қашықтан оқытуға қалай бейімдеуге болатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Педагог-психолог, ЮНИСЕФ және ҚР ДСМ Психикалық денсаулық республикалық ғылыми-практикалық орталығының жаттықтырушысы Жұлдыз Махатаева онлайн брифинг барысында қашықтан оқытуға балалар мен ата-аналарды психологиялық бейімдеу жайлы айтты.

Карантин кезеңінде біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Мектептерде қашықтан оқыту түрі енгізілді. Балалар ұзақ уақыт үйде карантинде болды, достарын көруге, сыртқа шығуға мүмкіндігі жоқ әрі оқуда қиындықтар көрді.


Қазір ересектер де үйден жұмыс істеп жатыр. Жалпы бәріне оңай емес. Мұндай кезде сізде пайда болған мүмкіндіктерге назар аударып, үрейге берілмеу маңызды. Ең бастысы, байбалам салмау керек. Өйткені қазір барлығымызда үрей бар, ол кез келген нәрсеге байланысты болып жатыр. Оның ішінде жақындарыңызды инфекциядан қалай құтқаруға болады, үйден шықпай-ақ бір ай немесе белгісіз мерзімге қалай өмір сүруге болады, мектеп бағдарламасын қалай игеруге, емтихандарды қалай тапсырамын деген сияқты мазасыздық көп. Мұндай жағдай бұрын болмағандықтан не істеу керектігін жақсы түсінбейміз. Оның барлығы бұл жағдайға бейімделмеуден болып отыр, -  дейді психолог. 

Дәрігер қашықтан оқытуға алдымен жаттығу деп қарап, бос әурешілік пен зерігуден құтылудың құралы емес екенін мойындау қажет деген ойын білдірді. 

Тиісінше, күндізгі режимде оқу үшін арнайы уақыт бөлу керек. Бұл әдеттегі мектеп уақыты болса жақсы, яғни күннің бірінші жартысы болғаны шарт. Бұл жағдайда визуализация техникасын қолданып көруді ұсынамын. Оны кез келген қарапайым адам қолдана алады. Өзіңді мектепке барып білім алып жатырмын деп елестетіңіз. Сіз мектепке бардыңыз, тек бұл жағдайда мектеп үйіңізде, бөлмеңізде, жұмыс үстеліңізде болады. Яғни елестутеу арқылы мектептегі атмосфераны қалыптастыру, - дейді ол. 

Ж.Махатаева, сондай-ақ, балалардың физикалық белсенділігін ынталандыру маңызды екенін айтты.

Стресс - ең алдымен, дененің физикалық реакциясы, сондықтан физикалық күш-жігерді қажет ететін кез келген әрекет балаға онымен тиімді күресуге әсер етеді. Мәселен, үйді тазалау, жаттығу, ән айту, би билеу. Дегенмен баланы өзіне қызықты емес нәрсеге жұмсамауға тырысыңыз. Ол немен айналысқысы келетінін анықтаңыз, сөйлесіңіз. Оған қоса баланың шығармашылық қол еңбегін қолдау керек және әрдайым ынталандырып отыру қажет. «Бала болып кеттің бе?», «неге болмашы нәрсемен айналысып жүрсің?» деген нәрсені айтудан аулақ болыңыз. Бала сурет салып, қандайда бір қолөнер бұйымдарын жасаса, одан бала ләззат алуы мүмкін немесе оны стресстен тыныштандырудың жолы. Сондықтан баланың айналысып жатқан ісіне құрметпен қараңыз, - дейді психолог.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы