Психолог бақытты, баянды неке құрудың 3 қағидасын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Клиникалық психолог Гүлнәзия Арон Отбасы күніне орай өтіп жатқан онлайн «Жас отбасылар фестивалі» аясында «Баянды, бақытты неке» тақырыбында әңгіме қозғады.

Баянды, бақытты неке құру үшін адам өз өмірінде неке құрмай тұрып, баянды және бақытты өмір сүрудің қағидаларын толық білуі керек. Себебі, егер адам баянды, бақытты деген не екенін түсінбейтін болса, қай кезде тұрақты, бақытты неке құра аламын, бұл некеден қандай үміт күтемін, некеге менің көзқарасым қандай, жалпы мен бұл некеге қандай көзқараспен келдім, неге мен бұл адаммен тұрмыс құруға тырысып жатырмын, неге мен бұл адамға тұрмысқа шығуға келістім немесе мен бұл адамды мәңгілік серік ретінде таңдадым деген сауалдардың жауабын білмесе, онда баянды некенің өмірі ұзақ болмайды, - деді Гүлнәзия Арон.


Неке құратын кезде екі жас өмірімнің соңына дейін осы кісіні серік етемін деп ойлайтынын айтты.

Баянды, бақытты некенің 3 қағидасы бар:

1) Өзіңнің серігіңді, таңдауыңды бағалай білу.

Көбі неке құрмай тұрып-ақ, түрлі реніш, өкпелерге, сезімдерге іштері толған кезде серік етіп алған адамды бағаламай, онымен санасып кетіп жатады. Осы орайда түсініспеушіліктің әсерінен баянды, бақытты некенің негізі қозғалады, сілкінеді.
Адамзат жаратылысына байланысты түрлі сезімдерге ие. Олар сүйіспеншілік, махаббат, реніш, қуаныш-қайғы сезімі. Тек қана осы сезімдерді тізгіндеп ұстай білетін адам, шарықтау шегінен шығып кетпей, тепе-теңдікте ұстап, оған өзі үкім көрсете алатын осындай ересек адам ғана «бақытты, баянды неке» құра алады. Егер ондай неке құратын екі адамның екеуі де өз сезімдеріне ие бола алмаса, нәпсілерін бағындыра алмаса, онда бақытты неке құру мүмкіндігі төмен, - деді психолог.
Қасыңдағы серігіңнің сезімін бағалап білу үшін, ең алдымен өзінің сезіміңді біліп, өзіңе бағындыра білу керек. 
Өз-өзіңмен сөйлесіп, үндескен кезде ғана ол басқа адаммен үндесе алады. Егер ондай қасиет әр адамның бойында болмаса, өз сезімін өзі түсінбесе, оны екінші бір адамға жеткізу өте қиынға соғады. Сондықтан мұндай жағдай жастардың арасында түсінбеушілік тудырады, - деді Арон.
2) Әр адам иерархия бойынша өз орнын білуі.
Жанұяда әр адамның өзінің орны болады. Мысалы, мен жолдасыма тек қана жар боламын. Осы ретте жолдасыма жұмысқа қалай киініп бару керектігін, қай уақытта келі керектігін, қандай тамақ жейтінін не өзін қалай ұстау керектігін айтатын болсам, ол адамның серігі, жары емес, ол адамның әкесі не шешесіне айналып кетуім мүмкін, - деді психолог.

Гүлнәзия Аронның сөзінше, Қазақстан осы қателікті көптеген отбасы жібереді. 
Себебі олар серік, жар болудың не екенін түсінбейді. Осындай қарама-қайшылықтардың себебінен жанұяда көп қателіктер бой алдырып жатады. Ер азаматты құрметтеу немесе ер азамат асыл жарын құрметтеу, бір-біріне түсіністікпен қарау заңдылықтары сақталса, онда бақытты баянды неке ұзағынан болуы мүмкін. – деді ол онлайн фестивальде.

3) Жанұядан күтетін болжамдар (проекция). 
Жалпы әйелдер некеден көп нәрсені күтеді. Мысалы, ол өмір бойы менің қасымда болады, мені ешқашан алдамайды, менің жан-дүниемді түсінеді деген сияқты. Дегенмен ер адамның логикасы басқаша болады. Егер әйел мен ер бір-біріне өздерінің проекцияларын айтып, сөйлесе алатын кезде ғана олардың бақытты, баянды неке құру мүмкіндіктері арта түседі. Олардың ұзақ, тұрақты неке құруына осындай фактор себепші болады, - деді психолог Гүлнәзия Арон.
Осы 3 қағида әрдайым есте болып, орындаса, бақытты да баянды неке құру мүмкін болатынын айтты психолог.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы