Психотроптық зат сатқан көкшетаулық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Психотроптық зат сатқан көкшетаулық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір ай бойы Ақмола есірткі полицейлері «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында синтетикалық есірткіні «қолдан» сатумен айналысқан 19 жастағы облыс орталығының тұрғынының қылмыстық әрекетін құжаттандырды.

Өткізілген іс-шаралар барысында жедел уәкілдер 0,43 гр. мефедрон психотроптық затын өткізу фактісін тіркеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Ұсталған азамат Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы