Психолог отбасылар қандай мәселе бойынша көбірек жүгінетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы психолог Наталья Семененко «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасы туралы баспасөз конференциясында айтты.
Әлеуметтік жоба аясында отбасында күрделі кезеңнен өтіп жатқан жұптарға кеңес берілді. Біз 64 жұпты консултациядан өткіздік. Әрине, әйел адамдар көбірек жүгінеді. Атап айтсақ ерлердің саны 13 болса, әйелдердің саны 51-ді құрады. Офлайн және онлайн семинарлар, консультациялар 9 өңірде жүргзілді. Жүгінген отбасылардың 70 пайызы балалы. Олар тұлғааралық дауларға, артық салмақ, жұптарының көзге шөп салуы, қаржылық мәселе бойынша кеңес сұрайды, - деді Семененко.
Айта кетейік, жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылады.
Жоба аясында білікті отбасылық психологтарды тарта отырып, жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша республикалық жобалық кеңсенің қызметі ұйымдастырылды. Жобаның тағы бір бағыты – білім беру ұйымдарында саналы ата-ана, әке болу мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде балалармен және ата-аналармен бос уақытты ұйымдастыру, - деді ол.
Отбасылық-неке қатынастары мәселелері бойынша онлайн және офлайн дәрістер, семинарлар мен топтық тренингтер және шеберлік сабақтары өткізіледі.