Психолог әлімжеттік жасайтын балалардың қайдан шығатынын айтты

Психолог Айгүл Рахметқызы оқушылар арасындағы әлімжеттіктің бірнеше себебін айтып, оны алдын алудың жолдарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елдегі буллингтің деңгейі

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың мінез-құлқын бағалау бойынша 2022 жылғы ұлттық зерттеу нәтижесін жариялады. Зерттеу нәтижесінде, еліміздегі балалардың 17,5%-і буллингке ұшырайды, сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8%-і айына 2-3 рет жанындағылардың тарапынан қорқытуды бастан кешірген, 11-15 жастағы балалардың 14,1%-і өз қатарластарына қатысты буллингке қатысқанын мойындады.

Буллинг - әртүрлі мағына береді. Егерде балаңызға...

адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, затын бүлдіру

сол жайында өсек тарату

оны елемеу немесе жекелету

ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қалдыру 

ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқа да зақым келтіру

қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн және шынайы өмірде де жасалады. Олардың қатарына реніш жайында жазбалар мен суреттер, мінеп-сынаулар жіберу де жатады. Мұның бәрі кибербуллинг деп аталады, - дейді психолог.

                                                                       Буллинг көрген бала қандай болады?

Денсаулық сақтау министрлігі зерттеуінде баланың буллингке ұшырағанын көрсететін белгілерді атады. Олар:

  • зейін қою мәселесі болады,
  • депрессия, көңіл-күйінің болмауы,
  • ашуланшақтық, сенімсіздік сезімі,
  • сезімталдықтың жоғарылауы,
  • асқазанның ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы,
  • әлеуметтік байланыстардың жоқтығы,
  • қорқыныш белгілері болуы мүмкін,
  • кеуде тұсындағы қысым, терлеу,
  • арқасының, желкесінің, бұлшықеттерінің ауыруы,
  • ұйқының бұзылуы.

Буллингке көбіне кімдер ұшырайды?

физикалық кемістік- көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін, қозғалыс (ДЦП),

мінез ерекшелігі- тұйық, сезімтал, ұялшақ, мазасыз , сенімсіз, өзін-өзі сыйлауы төмен, түр-әлпетінің ерекшеліктері- сепкіл, құлақтың үлкендігі, қисық аяқ, бас сүйегінің құрылымы ерекшелігі, салмақтың артық болуы немесе кем болуы және т.б,

әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала,

қорқыныш- сабақты нашар оқуы, белгілі бір пәндерге барудан қорқуы айналадағылардың агрессиясын тудырады,

ұжым арасында қарым-қатынас орнату тәжірибесі жоқтығы (үй балалары),

аурулары –қояншық, кекеш, энурез (кіші дәретті ұстамауы), энкопрез (үлкен дәретті ұстамауы), дислалия (тіл дамуының бұзылуы(, дисграфия (жазудың бұзылуы), дислексия (оқудың бұзылуы), дискалькулия (санау қабілетінің бұзылуы және т.б,

төмен интеллект- білім алудағы киындық,

жаңадан келген бала болуы мүмкін.

Буллинг құрбаны болмау үшін не істеу керек?

  • Басқалардан өзін жоғары ұстамау,
  • Себепсіз басқалардан ерекшеленбеу,
  • Жетістіктерімен, электронды гаджеттерімен, ата-анасымен мақтанбау,
  • Рухани құндылықтарына нұқсан келмеген жағдайда, сыныпқа қарсы шықпау,
  • Жеке басының намысын таптауға түрткі бермеу,
  • Физикалық күшімен мақтанбау,
  • Әлсіздігін көрсетпеу,

Ата-анаға кеңес

 

Айгүл Рахметқызы былай деп кеңес берді:

Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата-ана сабыр сақтап, ашу көрсетпеуі қажет, өйткені ата-ана ашу мен мазасыздығын байқатуы - әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болған жөн , өйткені баланың өзін-өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан әрі төмендеуі мүмкін. Шұғыл түрде әрекет жасаған дұрыс. Баланың көзінше мұғаліміне телефон шалып сөйлесіп, ендігәрі зорлыққа жол берілмейтініне көзі жеткені абзал. Ата-ана қамқорлығын сезген бала өз ойын басқаға жеңіл жеткізеді. Өзіне сенімділігін оята алады.

Маманның айтуына қарағанда, әлімжеттік, ең алдымен отбасында басталады бала мектептке барғанда үйден көргенін жасайды.

Ата-анасынан «аузыңды жап», «үніңді шығарма» деген сөзді естіп өскен бала келешекте өзін қорғау үшін осындай қатыгездік жасаған дұрыс деп ойлайды. Бұған әлеуметтік желілерде өз әсерін беретіні анық. Мәселен, балаңыз түрлі жанжал мен төбелес туралы бейнелерді жиі қарауы мүмкін. Қоғамда сабағын жақсы оқитын балаларға әлімжеттік көп көрсетіледі. Өйткені оларға қатты қызығады, оны бәрі мақтағаннан кейін ішкі қызғанышы оянып, ашуын шығарғысы келеді. Қазіргі таңда ата-ана балаларымен жиі сөйлеспейді, сондай-ақ оларға «жақсылық жасау», «жанашырлық таныту» сынды құндылықтарды айтпайды. Егерде әлімжеттікке барса оны қандай жаза күтіп тұрғанын түсіндірмейді, - дейді Айгүл Рахметқызы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы