Психикалық ауытқуы бар адамдарды жұмысқа жеккен мекеме анықталды
Абай облысында жүйке-жүйесінде ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
№1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 адамды шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жегу фактісі анықталды, - деп мәлемдеді ведомство.
Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары («Адам саудасы») бойынша тергеген. Қазір іс сотқа жолданды.
Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға, тамақ дайындауға мәжбүрлеп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған, - дейді облыс прокурорлары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы