Пржевальский жылқысын жерсіндіру қалай жүзеге асырылып жатыр
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биылғы 24 сәуірде Керқұлан (Пржевальский жылқысын) жерсіндіру бойынша Қазақстан мен Чехия арасында меморандумға қол қойылды. Жылқылар Прага зообағынан ерекше қорғалатын табиғи қорықтарға жеткізілді. Оларды жерсіндіру қалыпты деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Саны көбейтіліп жатыр, - деді Тұрғамбаев Қазгидрометте өткен брифингте.
Комитет өкілінің айтуына қарағанда, ұлттық парктердің резерватын кеңейту жүзеге асырылып жатыр.
Маңғыстаудағы «Үстірт» ұлттық паркін 600 мың гектарға кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Жайық» ұлттық паркін де кеңейту көзделген, - деп айтты Данияр Тұрғамбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы екі есе өседі
Өзгелердің жаңалығы