Прокурорлар есірткімен байланысты 7 мың жарнамалық сайтты бұғаттады

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров Үйлестіру кеңесінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңес барысында өңірдегі есірткі қылмыстарына қарсы күрес нәтижелері мен осы бағыттағы жаңа шаралар талқыланды.

Облыс прокуратурасы есірткі бизнесімен күреске бағытталған “Нашақорлыққа жол жоқ” жобасын жүзеге асыруда. Ведомствоаралық топ құрылды.

Осы жұмыстың нәтижесінде есірткі заттарын насихаттайтын  7 мыңнан астам жарнамалық сайттар анықталып, бұғатталды. Есірткі заттарын белгілі жерлерде қалдырушылардың көшелердегі жарнамалық жазбалары мен граффитилерін бояу шаралары қолданылды.

Есірткіні жарнамалау үшін 55 қылмыстық іс қозғалды, оның 33- жоба аясында. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналдарда мазмұны заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды.

Ауылдық жерлерде жабайы қарасораны анықтау және жою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жоба барысында Осакаров, Нұра және Қарқаралы аудандарында 200-ден астам қарасора бұталары жойылды.

Жастарды ақпараттандыру және алдын алу жұмысына тарту мақсатында прокуратура студенттер үшін сот отырыстарының онлайн- трансляциясын ұйымдастырды.

Кеңес қорытындысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар бекітілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы