Атқарушылық іс-әрекеттер борышкердің іздеуде жүргендігіне байланысты тоқтатылған. Бір жылдан аса уақыт өтсе де борышкердің жүрген жері не сот орындаушылармен, не көші-қон полиция қызметкерлерімен анықталмаған.
«Қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкер «О» жүрген жерін анықтап, сол күні ол дереу сот орындаушыларға жеткізілді. Келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс-өндірісі қозғалып, 12 625 тенге көлемінде айыппұл салынды (Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 18.09.2019 жылғы қаулысына сай ӘҚБтК 669 бабымен). Сот шешімінің әрі қарай орындалуы бақылауда», - делінген таратылған ақпаратта.