Прокурорлар 157 млн теңге бюджет қаражатының жоғалуына жол бермеді
Қостанай ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарды анықтап, мемлекетке елеулі залалдың келуінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру барысында аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым арасында Владимировка ауылында су құбырын салуға жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын келісімшарт жасалғаны анықталды.
Заңға сәйкес, мердігер келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде 157,1 млн теңге көлемінде кепілдік жарна енгізген. Алайда кейіннен мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан, шарт біржақты тәртіппен бұзылған.
Мұндай жағдайда кепілдік жарна мемлекет кірісіне аударылуы тиіс болса да, тапсырыс беруші тарапынан тиісті шаралар қабылданбаған.
Нәтижесінде Қостанай ауданының прокуратурасы сот арқылы 157,1 млн теңгені мемлекет кірісіне өндіріп берді.
Бұл шара бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуын болдырмай, мемлекеттік мүддені қорғауға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дубайда адам өлтіруге тапсырыс берген қазақстандық ұсталды
Өзгелердің жаңалығы