Прокуратураның тексеруінен кейін коммуналдық қызмет тарифтері арзандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф - 2,16 %, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31% төмендеді.

Ақтөбе қаласындағы Астана ауданының прокуратурасы мен монополияға қарсы департамент "Aqtobe su–energy group" АҚ жұмысын тексеріп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Диапазон".

Хабарламада атап өтілгендей, монополист 892 млн теңгеден астам сомаға сумен жабдықтау, су тарту және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша іс-шараларды орындамаған.

Прокуратураның араласуынан кейін 1 қаңтардан бастап бір жылға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 2,16%, су тарту – 0,37% және жылумен жабдықтау 4,31%-ға төмендеді.

Тұтынушыларға төмендетілген тарифтерді ескере отырып шоттар жолданатын болады. "Aqtobe su-energy group" АҚ-ға 9,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы