Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың проблемасы шешілді
Президенттің тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 30 инвестор 2,1 трлн теңгеге өз жобаларын іске асыруда.
Уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны, өзара іс-қимылдың жоқтығы және олардың заңды құқықтары бұзылғаны анықталды.
Павлодар қаласының әкімдігі сәулет заңнамасының талаптарын бұза отырып, қаланың бас жоспары өзгерген кезде "Сүт" АҚ жұмыс істеп тұрған зауытын жаңа орынға көшіру туралы мәселеге бастамашылық жасаған ("Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңның 47-бабы 3-тармағының нормалары бұзылған), - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.
Инвестордың айтуынша, орналасу жерін өзгерту ірі қаржылық шығындарды қажет еткен.
Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды бұрынғы жер учаскесінде сақтау туралы шешім қабылданды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.