Прокуратурада мәжілісмендер көшпелі отырыс өткізді

Бас прокуратурада Парламент Мәжілісі депутаттарының жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың 8 мамырында Мемлекет басшысы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. 

Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен табиғи монополиялар тарапынан бизнестің жұмысына заңсыз араласқаны үшін жауаптылықты белгілеу тапсырылды.

Бүгін Бас прокуратура мен Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен Парламент Мәжілісінің депутаты Ү.Шапақтың төрағалығымен Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодекске түзетулер енгізу туралы Заң жобасын қарау бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өткізілді. Іс-шараға депутаттар тобы, Бас Прокурордың орынбасары Ж.Ж. Өміралиев, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Жандос Өміралиев бизнес қоғамдастығы лауазымды тұлғалардың олардың қызметіне араласқаны үшін жауапкершілігін қатаңдату қажеттігі туралы мәселені үнемі көтеріп отыратынына тоқталып кетті. 

Сондай-ақ прокуратура органдары Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасын толық қолдайтынын атап өтті. Отырыс барысында Президент тапсырмасының сапалығын қамтамасыз ететін және бизнесті лауазымды адамдар мен басқа да ұйымдар тарапынан заңсыз араласудан қорғауға мүмкіндік беретін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173 - бабына өзгерістер енгізу (лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы) бойынша тәсілдер әзірленді, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы