Прокуратура талдау нәтижесі бойынша аудандық мекемеге айыппұл салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақорған аудандық прокуратурасы су және газбен жабдықтау, сондай-ақ телекоммуникация саласындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру заңдылықтарына талдау жасады, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.


Талдау барысында «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-мен заң талаптарының бұзылуы, яғни тарифтік сметадағы шығындар баптарының орындалмау деректері анықталды. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен серіктестіктің сарқынды суларды бұру қызметіне орташа тариф – 76,34 теңге болып бекітілген.

"Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті орган уақытша өтемдік тариф енгізеді. Серіктестікпен көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы – 5 094 мың ((138,24-71508)*76,34) теңге. Ал, бекітілген тарифтік смета бойынша 10 553 мың теңге болса, оның орындалғаны 4 174 мың теңге. Яғни, бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасы – 6 374,0 мың теңге", - делінген таратылған ақпаратта.

Осыған байланысты, департаментке негізсіз кірістің қалған сомасына уақытша өтемдік тариф енгізу жөнінде және серіктестің әкімшілік жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыну енгізілді. Ұсынудың қаралу нәтижесімен тариф – 65,30 теңгеге (11,04 теңгеге кем) төмендетіліп, серіктестікке ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен 139 944 теңге айыппұл салынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы