Прокуратура Қарқаралы ауданының тұрғындарына мәлімдеме жасады

Бұқаралық ақпарат құралдарында және түрлі әлеуметтік желілерде Қарқаралы ауданындағы өртке қатысты жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексерілмеген мәліметтер жариялануда.

Мұндай жалған мәліметтер келеңсіз қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етеді.

Жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып табылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты, Қарқаралы ауданының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және осы құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы
Өзгелердің жаңалығы