Прокуратура мемлекетке жылжымайтын мүлікті қайтарды
Астана қалалық прокуратурасы "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС құрылыс компаниясының басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокурорлық тексеру барысында Серіктестіктің қызметінде Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі құны 460 млн теңгені құрайтын 21 пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға заңсыз сату фактілері анықталып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Сот үкімімен Серіктестіктің бас директоры лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанда 9 ауыл жолсыз қалды
Келесі жаңалық
Қарағандыда екі адам балшықтан шығарылды
Өзгелердің жаңалығы