Прокуратура Көкірекбаевтың ісі бойынша сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсірмек
Прокуратура Көкірекбаевтың ісі бойынша шығарылған сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсіретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Көкірекбаевқа қатысты соттың ақтау үкімінің күшін жою туралы прокуратурамен апелляциялық өтінішхат келтіріледі.
Айта кетсек, 2024 жылғы 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады. Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шенген визасы 12% қымбаттады
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы