Прокуратура Байжановқа тағылған бір айыптауды алып тастайтын болды

Мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков Бақытжан Байжанов ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Прокурор Саяхат Нұрбеков Байжановқа тағылған айыптан бас тартты. Ол 434-бабына сәйкес тағылған айыптан бөлек, сотталушы Бишімбаевқа тағылған қылмысты белсенді түрде жасыруға тырысқанын айтады.

Сотталушы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған.

Олар:

432-бап "Қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау".

Енді Байжановқа қатысты айыптаудың жаңа тұжырымы қабылданатын болады.

Осыған байланысты сот 2 мамырға дейін қалдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы