Прокуратура автобус жүргізушілерінің бұзылған құқықтарын қорғады
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысының 1656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген еңбек заңнамасын бұзғандығын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санының артуынан, ауысымаралық демалыс ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуінен орын алып келген.
Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Талдау нәтижелеріне сәйкес тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды, жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутаттар Қызылордада өндіріс орындарын аралады
Өзгелердің жаңалығы