Прокуратура Атыраудың экс-әкімінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қалалық Прокуратура мәлім еткендей, Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.
2023 жылғы 9 қарашада ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі К.К. Оразбаева ұсталды (Атырау қ. ПБ УҰИ-не қамауға алынды), - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Тергеу жалғасуда.