Прокуратура: 32 мектептің медициналық қызметі талапқа сай емес

Астана қаласының прокуратурасы балалардың конституциялық құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, балалардың тегін медициналық көмек алуға құқығы кепілдендірілген.

Алайда, елордалық прокурорлар жергілікті атқарушы орган мектеп медицинасын тиісті деңгейде ұйымдастырмағанын анықтады.

Тексеру барысында 32 мектепке мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген медициналық ұйымдардың тиісті қызметке лицензиясы мен қажетті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болмағаны белгілі болды.

Қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура ұсынған шараларды орындау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, осы нысандарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Балалардың құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы