Прокуратура 2,4 млрд теңгеге бағаланған жерді қайтарды

Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.

Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың га Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды.

Қабылданған шаралармен 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы